Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады

0
800

Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға берді.


Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті. Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті. Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған" - деп жазады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.