Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

0
432

19 желтоқсаннан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚО әдеттегідей жұмыс істейді.


Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Дүйсенбі, 18 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдайды.

Ал 19 желтоқсаннан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚО әдеттегідей жұмыс істейді.

Бұған дейін қазақстандықтардың 2023 жылдың желтоқсанында қанша күн демалатыны белгілі болған еді.