Халықтың несиелік қарызы 6,9 трлн теңгеге жетті

0
578

Тұрғындардың басым бөлігі қаржы институтына тұтынушылық мақсатта жүгінген.


Халықтың несиелік қарызы 6,9 трлн теңгеге жетті

ERNUR.KZ. Халықтың несиелік қарызы 6 трлн 900 млрд теңгеге жетті. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, жылдық өсім шамамен 4 пайызды құраған, деп хабарлайды Atameken Business.

Тұрғындардың басым бөлігі қаржы институтына тұтынушылық мақсатта жүгінген. Ол үшін банктерден 4 трлн 200 млрд теңге алынған. Соңғы уақытта ипотекамен баспаналы болғандар саны да күрт көбейген. Тұрғын үй заемдары биыл 15 пайызға дейін өсіп, қарыз көлемі 2 трлн теңгеге жеткен. Экономикаға берілген кредит мөлшері де ұлғайды. Әсіресе, бизнесті қаржыландыру үлесі жоғарылаған.