Хаменова сот залынан босап шықты

0
524

Бас бостандығынан айыру жазасы 3 жылға кейінге қалдырылды.


Хаменова сот залынан босап шықты

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот залынан босап шықты, деп жазады tengrinews.kz.

15 қарашада Атырау қалалық №2 сотында судья Жұмағали Ташимов облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовтың ісіне қатысты сот үкімін оқыды.

Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның 2 жас баласының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігін қолданумен жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Рысқалиевке 7 жыл, Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қазақстан Республикасының Президентіне Хаменованы "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Осылайша, Хаменова сот залынан босады. Ол үкім заңды күшіне енген жағдайда 3 жылдан соң тағайындалған жазасын өтейтін болады. Оның тергеу изоляторында өткен 1 күні, 1,5 күн болып есептеледі. Ал Рысқалиев пен Адамовтың үйқамақтағы мерзімінің 2 күні 1 күнге теңестірілмек.