Хат жазып қалдырған: Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіттің мәйіті табылды

0
1 288

Колледж студентін іздеу барысында полиция қызметкерлері қайтыс болғандардың телефондары жатқан көлікті тауып алды.


Хат жазып қалдырған: Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіттің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында орманнан қыз бен жігіттің денесі табылды, суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Көкшетау қаласындағы колледжде оқитын 16 жастағы студент қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, оған 7 қарашада іздеу жарияланды. Келесі күні полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы Ленинское ауылы маңындағы орманнан ішінде екі ұялы телефон жатқан көлікті тапты, оның бірі жоғалған қызға тиесілі болған.

Орманды қарау кезінде қыз бен жігіттің денесі табылды – 23 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысындағы Талшық ауылының тұрғыны болып шықты.

"Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан туыстарына жазған өлер алдындағы хаттары, сонымен қатар жігітке тиесілі ВАЗ-2109 көлігі алынды", - деп хабарлады облыстық полиция.

Ведомство суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.