ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды

0
2 020

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электронды үкімет порталын, eGovKzBot2.0. Telegram ботын пайдаланады немесе 1414 нөміріне қоңырау шала алады.


ХҚО-лар азаматтарды тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды

ХҚО-ларға тек алдын ала бронмен баруға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.


«Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірлердегі ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады», делінген хабарламада.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚО-ларының жұмысына қатысы жоқ.

ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгі сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электронды үкімет порталын, eGovKzBot2.0. Telegram ботын пайдаланады немесе 1414 нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті SMS хабарлама жолданады.


«Біздің әріптестеріміз фронт офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет