Киану Ривзға ұқсайтын қазақстандық TikTok желісінде танымал болды

0
552

Альберттің Киану Ривзға ұқсайтынын "Скорость" фильмін көргеннен кейін бірінші болып оның қарындасы айтқан.


Киану Ривзға ұқсайтын қазақстандық TikTok желісінде танымал болды

ERNUR.KZ. Оралдың тумасы Альберт Масуатовқа оның атақты актер Киану Ривзға ұқсатынын көп адам бұрыннан айтқан. Қазақстандық азамат мұны пайдалану керегін ойлап, TikTok желісінде акаунт ашқан, ол жерде Альберт канадалық актерға пародия жасайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Альберттің Киану Ривзға ұқсайтынын "Скорость" фильмін көргеннен кейін бірінші болып оның қарындасы айтқан. Алайда ол қыздың сөзіне мән бермепті. Уақыт өте оған мұны айтушылар көбейген.

"Дәмханада бармен болып жұмыс істеген кездерім болды. Барда бір адам маған былай деді: "Жігітім, бері қарашы, сен "Матрицадағы" Неоға қатты ұқсайсың. Сол кезде ойланып қалдым, шынымен де ұқсайтын сияқтымын деп. Қай жерге жұмысқа тұрсам да, барлық жерде Киану Ривзға ұқсайсың дейтін. Тіпті бірде көшеде кетіп бара жатсам, бір адам келіп былай деді: "Кешір, бірақ саған бірдеңе айтайыншы...". Мен оның сөзін бөліп, былай дедім: "Киану Ривзға ұқсаймын ба?" Біз күліп, ол суретке түсейік деп ұсынды. Көшеде актермен кездесіп қалғанын айтып, достары мен туыстарына қалжыңдап көрсеткісі келген екен", - деді Альберт Масуатов.

Ал Альберттің жұбайы оның Киануға қатты ұқсайтынын оған тұрмысқа шыққанда ғана білген.

"Жұбайым ол актерді әпкесі айтқанға дейін білмеген екен. Ол әдейілеп "Джон Уик" фильмін көріп, Киануға ұқсайтынымды айтты. Енді үнемі "Бұрын қалай байқамағанмын?" дейді", - деп еске алды ол.

Альберт өз түрінің танымал болуға көмектесе алатынын түсінді. Соны түсінген сәтте TikTok желісінде акаунт ашып, кейде актерға пародия жасайды. Ол Голливудтың актерына одан әрі ұқсау үшін шашы мен сақалын арнайы өсірген. Оның соңғы видеоларының бірі 700 мыңнан аса көрілім жинаған.

"Мен Киану Ривзбен кездескім келеді, бұл менің мақсатым әрі арманым. Оның реакциясын көргім келеді. Ол таңғалар ма екен? Егер ол маған өзінің дублеры болуды ұсынса, ойланбастан келісер едім", - деді Альберт.