Киік "жойылу қаупі аз" санатқа ауысты – министрлік мәлімдемесі

0
292

Биыл елдегі киік саны екі миллионға жуықтады.


Киік

ERNUR.KZ. Халықаралық табиғат қорғау одағы киіктің халықаралық Қызыл тізімдегі "Жойылу алдында тұрған" санатынан "Қауіп төнуге жақын" санатына ауысатынын жариялады. Киіктің"Жойылу қаупі жоғары" санатынан "Жойылу қаупі аз" санатына ауысуы Қазақстандағы киік санының көбеюімен тікелей байланысты, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство жануарлар түрлерін қорғау және санақ жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
2003 жылы еліміздегі киік саны – 21 мың болса, 2023 жылы Қазақстандағы киік саны – 1 млн 915 мың дараққа жеткен.
2023 жылғы көктемгі санақ деректері бойынша Қазақстандағы киіктің болжамды саны – 1 915 000 дараққа жетіп, ҚазКСР кезеңінің ең жоғары көрсеткішінен (1 200 000 дарақ) асып түсті.
2006 жылдан бастап Қазақстан үкіметі жалпы ауданы – 5 081 485 га киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрды және кеңейтті. Киіктің бетпақдала популяциясын қорғау үшін "Ырғыз-Торғай", "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваттары, Орал популяциясы үшін "Бөкейорда" резерваты құрылды.
"Министрліктің қарапайым инспекторларының адал еңбегінің, мемлекеттің экологиялық саясаты мен азаматтардың жауапкершілігінің арқасында киік санын қалпына келтіруде жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Дүниежүзіндегі киік популяциясының 98 пайыздан астамы Қазақстанда шоғырланған", - делінген хабарламада.
2006 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан арасында киіктің сақталуына, қалпына келтірілуіне және орнықты пайдаланылуына қатысты өзара түсіністік туралы меморандум аясында уағдаластықтар қолданылып келеді. Бұл құжат қоныс аударатын жабайы жануарлар түрлері бойынша Конвенцияның қатысушылары ретінде елдердің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін қабылданған.