Киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы берілмейді

0
620

Киелі жануардың жайлымды отап, егінді таптағанын дәлелдеу қиын.


Киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы берілмейді

ERNUR.KZ. Киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы берілмейді, деп жазады inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Мұрат Іргебаев осылай деді. Оның айтуынша, министрлік Агро сақтандыру одағымен бірге арнайы жиын өткізіп, мәселені ортаға салған.

Алайда, сала мамандары шығын көлемін есептеу мүмкін емес екенін жеткізген. Себебі, киелі жануардың жайлымды отап, егінді таптағанын дәлелдеу қиын. Бұл бармақ басты, көз қысты әрекетке әкеп соғуы ықтимал. Сақтандыру тетігі болмаған соң шаруаларға өтемақы беру де мүмкін емес.