Кинотеатрлар тек екі қалада ашылды

0
628

Билет бағасына қатысты жалған мәлімет тарағанын.


Кинотеатрлар тек екі қалада ашылды

ERNUR.KZ. Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев 26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрлар ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қаулы бойынша Атырау мен Ақтауда Kinoplexx ашуға рұқсат етілді. Бұл екі қалаға 26 қазаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, залды 30 пайызға дейін толтырып жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілген", - деді Ерлан Бұхарбаев.

Сондай-ақ, ол таңертең билеттер бағасына қатысты жалған мәліметтер тарағанын айтады.

Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, билет құны 1000-нан 3000 теңгеге дейін.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетін әзірге бұл мәліметке қатысты пікір білдірген жоқ.