Кішкентай қызды педофилден құтқарған павлодарлық жігіт «Тәуелсіздік ұланы» атанды

0
596

Маньяк алысқа ұзап кете алмады. Жас жігіт полицейлерге білгенін айтқаннан соң, тәртіп сақшылары оны дереу қолға түсірді.


Кішкентай қызды педофилден құтқарған павлодарлық жігіт «Тәуелсіздік ұланы» атанды

ERNUR.KZ. Осыдан үш жыл бұрын Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы Ержан Оспанов қылмысты ашуға көмектескен болатын, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Қазірде Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің екінші курс студенті сол күні кішкентай қызды аман алып қалып, қылмыскерді қолға түсіруге жәрдем көрсеткен.

Күнделікті өмірдегідей жай ғана мектепке бара жатқан едім, кенет «көмектесіңдер» деген айқай естідім, - дейді Ержан Оспанов. – Қарасам, бір еркек кішкентай қызды қолына ұстап әкетіп бара жатыр екен. Мен жасырынып барып секірдім де, алдын бөгеп тастадым. Қыз қолынан түсіп кетті де, жүгіре жөнелді. Қызды өткізіп, өзім айқайға бастым. Ол шошыған болса керек – қашып кетті.

Дегенмен, маньяк алысқа ұзап кете алмады. Жас жігіт полицейлерге білгенін айтқаннан соң, тәртіп сақшылары оны дереу қолға түсірді.

Осы ерлігі үшін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Ержан Оспановқа «Тәуелсіздік ұланы» медалі мен 145 850 теңге сыйақы табыс етті.