«Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы мәресіне жетті

0
2 833

Байқаудың I орын жүлдесі 1 000 000 теңгені 9-сынып оқушысы жеңіп алды.


«Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы мәресіне жетті

ERNUR.KZ. Тараз қалалық Ықылас Дү­кенұлы атындағы мәдениет үйінде осыдан біраз уақыт бұрын бастау алған қалалық Jambyl-Taraz қоғам­дық-саяси газетінің ұйымдас­тыруымен жас зияткерлердің «Кі­тап оқып, миллионер бол!» бай­қауы мәресіне жетті, деп жазады aikyn.kz.

Тараз қалалық Ықылас Дү­кенұлы атындағы мәдениет үйінде осыдан біраз уақыт бұрын бастау алған қалалық Jambyl-Taraz қоғам­дық-саяси газетінің ұйымдас­тыруымен жас зияткерлердің «Кі­тап оқып, миллионер бол!» бай­қауы мәресіне жетті. Jambyl-Taraz қалалық газеті 2018 жылы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай жарияланған жоба аясында ақылдастар алқасының құрамы бекітіліп, қала мектептері оқушыларына 100 кітаптың тізімін ұсынған болатын. Бес айға созыл­ған білімділер бәйгесінде мыңдаған оқушы кітапты жанына серік етіп, қатысуға ынта танытты. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен Д.Қонаев атындағы ба­лалар мен жасөспірімдер кітап­ха­насы осы байқауды ұйымдастыруға атсалысты. Әлеуметтік желілерде #кітапоқыпмиллионербол, #читайкнигистаньмиллионером хэш­тегімен 3 000-ға жуық жазба жа­рия­ланды. Орта есеппен, осы уақыт аралығында 20 000-нан астам әдебиет нұсқасы оқылыпты. Ең көп оқылған әдебиеттің қата­рында М.Әуезовтің «Көксерек», Б.Соқ­пақбаевтың «Менің атым Қожа», А.Экзюперидің «Кішкен­тай Хан­зада», М.Мағауиннің «Тазының өлімі» кітаптары бар. Ал байқауға жалпы саны 48 мектептен 1 000-нан аса оқушы қатысты. Оның ішінде 44-і қала мектебі. Жалпы, екінші кезеңге мектептер­ден іріктеліп шыққан оқушының саны – 88. Байқауда №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимна­зиясының, №46 ор­та мектептің, №45 қазақ клас­си­ка­лық гимназия­сының оқушылары ең белсенді болған. №5 мектептің оқушысы Айғабыл Аружан Джод­же Мойес­тің «До встречи с тобой» кітабын оқып, шығарма кейіп­ке­рінің өмірінен әсерленіп, сынып ішінен қайырымдылық қорын ашқан. Нәтижесінде, мүмкіндігі шек­теулі балаға материалдық әрі рухани көмек көрсетуде. Міне, жас оқыр­ман­ның өмірге бе­йімделуі, қор­шаған ортасынадеген азамат­тық қалыптасуы осы емес пе?

Жастардың кітапқа махабба­тын оятатын, елімізде тұңғыш рет ұйым­дастырылған сайысқа Қазақ­станның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ес­кендіров демеушілік етті. Сон­дай-ақ қалалық мәслихат депутат­тары мен жазушы Несіпбек Дәу­тайұлы бастаған бір топ қалам­герлер мен қоғам белсенділері жобаға қаржы­лық қолдау көрсетті. Сонымен, 5-7 сыныптар ара­сындағы санатта ІІІ орынды №30 мектеп гимна­зия­сының 7-сынып оқушысы Сабина Сү­леймен мен №31 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Гюзаль Осма­нова өзара бөлісті. Қос кітап­құ­мар­ға 75 000 теңгенің сертификаты табысталды. ІІ орынды Сағадат Нұр­мағамбетов атындағы №10 ор­та мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Бекежан еншілеп, 150 000 теңгені қанжы­ға­сына байлады. №54 орта мекте­бі­нің 6-сынып ­оқу­шысы Тоғжан Алла­берген де осы тұғырдан кө­рінді. Жүлделі І орын­ның 500 000 теңге бәйгесіне И.Панфилов атын­дағы №39 мек­теп-гимна­зия­сының 7-сынып оқушы­сы Айзере Ерен ие болды. 8-11-сы­ныптар арасында ІІІ орын­ның 250 000 теңге жүлдесі №7 мек­теп-гимна­зиясының 11-сы­нып оқушысы Галина Буркинаға бұйырды. ІІ орынның тұғырынан Керімбай атындағы №12 мек­теп гина­зия­сы­ның 10-сынып оқушы­сы Айгерім Мейрханова көрініп, 500 000 тең­гені олжалады. Ал бай­­­қау­­дың I орын жүлдесі 1 000 000 тең­­гені Б.Момышұлы атындағы №45 қа­зақ классикалық гимназия­сының 9-сынып оқушысы Қазына Әбдісейіт жеңіп алды.

Сонымен қатар байқаудың қа­лалық деңгейде өткеніне қара­мас­тан өз қалауымен 61 кітап оқып, көзге түскен республикалық На­зарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Фатима Байма­ханға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» балалар лагеріне 20 күндік жолдама табыс етті. Облыстық Д.Қонаев атын­дағы балалар мен жасөспірімдер кі­тап­ханасының директоры Гүл­файруз Қапарқызы жас зияткерге ноутбук тарту етті. Оқыған кіта­бынан әсер­леніп қайырымдылық қорын ашқан №5 Жамбыл атын­дағы мектеп-гимназияның оқу­шысы Айжан Айғабылға Жамбыл облысы іскер әйелдер қауым­дастығының атынан смартфон сыйға берілді.Салтанатты жиында жеңімпаз­дар­дан бөлек байқаудың екінші кезе­ңіне қатысқан барлық оқушы алғысхаттармен және бағалы сый­лықтармен мара­патталса, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан ма­мандар мен кі­тапханашыларға ұйымдас­ты­рушылар арнайы алғысхат табыс етті.

– Өзіңіз байқағандай бала­лардың кітап оқуға деген ынтасы қуантты. Олар оқыған шығар­ма­ларындағы кейіпкерілерінің ерлік, елдік жолындағы жанқиярлық, жанкештілігіне еліктеді. Тіпті бай­қағаныңыздай Жамбыл атындағы №5 мектептің оқушысы Айғабыл Аружан Джодже Мойестің «До встречи с тобой» кітабын оқып, шы­ғарма кейіпкерінің өмірінен әсерленіп сынып ішінен қайы­рымдылық қорын ашқанын естіп білдік. Яғни, жас балалардың өмірге бейімделуі де әдеби көркем шығармалардың өзегінде жатыр. Қазір жастар кітап оқымайды дейміз. Ал байқауға қатысуға ынта танытқан мыңға жуық оқушының талпынысы – кітапқұмар балалар­дың бар екенін көрсетсе керек. Жалпы, бұл байқауды дәстүрлі түрде өткізу де ойда бар, – дейді шараны ұйымдастырушы Jambyl-Taraz ЖШС редакциясы бас директор-редакторы Эльмира Мырза-Ғали.