Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған жасөпірім табылмай жатыр

0
1 268

Жасөспірім орталықтан бесінші шілде күні шығып, хабарсыз кеткен.


Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған жасөпірім табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынын 17 жастағы Әлібек Жанзақов кетіп қалып, қайта оралмады, деп жазады Aktobenews.kz.

Жасөспірім орталықтан бесінші шілде күні кетіп, хабарсыз қалған. Қазір оны қаладағы еріктілер мен полиция іздеп жатыр. Көрген, білген адамдар бар, дегенмен нақты орналасқан жері әлі белгісіз.

«Ол бұған дейін Темір ауданында бір отбасының тәрбиесінде болды. Бірақ тәртібіне байланысты Ақтөбеге алып келді. Ата-анасы бар бала туралы басқа ақпарат бере алмаймын», — деді орталық директоры Өмірбек Текешов.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де іздеу жүріп жатқанын хабарлады.