ҚМДБ Рамазан айының қай күні басталатынын айтты

0
575

Бас мүфти баспасөз мәслихатын өткізді.


ҚМДБ Рамазан айының қай күні басталатынын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді.

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-інен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.