Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі беріледі

0
711

Министр экологиялық білім мен айыппұлды көтеру қажеттігін мәлімдеді.


Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі беріледі

ERNUR.KZ. Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі қажет. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.


Соңғы айдағы жағдайлар табиғатқа қаншалықты зиян келтіруге болатынын көрсетті. Ол біздің бірегей көлге қатысты. Әрине, мобильді бекеттер мен шлагбаумдар проблеманы шешпейді. Себебі, шлагбаум қойылса, одан өткісі келетіндер табылады. Алдымен, экологиялық білім мен айыппұлды көтеру қажет. Екіншіден, көлдің бірегейлігін ескере отырып, оған ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру қажет деп ойлаймыз. Оған сәйкес талаптар қойылуы керек, - деді ол.

Осыған дейін Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында Көбейтұзды 49 жылға жеке пайдалануға беру туралы байқау жарияланған болатын.

Айта кетейік, Президент "азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды" деп жазған болатын.