Қоғамдық кеңес жолақының өсуіне қарсы болды

0
1 091

​Қалалық қоғамдық кеңес автобус жолақысының 100 теңгеге дейін қымбаттауына қарсы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қоғамдық кеңес жолақының өсуіне қарсы болды

Қалалық қоғамдық кеңес автобус жолақысының 100 теңгеге дейін қымбаттауына қарсы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Сованың сөзінше, кеңес мүшелері жолақының 100 теңгеге өсуін құптамады. «Әзірге автобус жолақысының тарифіне өзгеріс енген жоқ. Қоғамдық кеңес жолаушы тасымалдаушы компаниялардың өтінішіне қарсы болды. Біз жолақыны өсіруге әсер етіп тұрған факторларды көріп отырған жоқпыз», - деді В.Сова.

Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасов айтқандай, жолақы мәселесі сәуір айында нақты шешіледі. «Бұл мәселе былтырдан бері қозғалып келе жатыр. Заң бойынша, жанар-жағармай бағасы мен құрылыс бөлшектері 25%-ға қымбаттаса, тасымалдаушылар жергілікті атқарушы органдарға тариф құнын өсіру туралы өтініш бере алады. Қоғамдық кеңес жолақының 100 теңгеге дейін қымбаттауына қарсы шықты. Енді бұл сұрақты сарапшылар кеңесіне саламыз. Егер олар да қарсы шықса, баға сол қалпында қалады», - деді Тарасов. Айта кетейік, тасымалдаушылар қала сыртына шығатын қоғамдық көліктер тарифін 150 теңгеге дейін қымбаттатуды ұсынды.