"Көк Төбе" телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталды - Бас прокуратура

0
647

Күдікті сот санкциясымен қамауда ұсталады.


ERNUR.KZ. Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"6 қаңтарда Алматыда "Көк Төбе" телемұнарасын басып алуға тырысқан қаңтар оқиғасына қатысушы анықталды. Оның стратегиялық нысанды иеленудегі негізгі мақсаты жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарды көшеге шығуға үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Күдікті сот санкциясымен қамауда ұсталады.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке қанша қазақстандық ілінгенін айтқан болатын.