Көк-Төбеде қайта өрт шықты

0
1 044

Өрт сағат 13.52-де басталған.


Көк-Төбеде қайта өрт шықты

ERNUR.KZ. Көк-Төбеде қайта өрт шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы куәгерлер айтты. Өрттің видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланды.

ТЖД мәліметінше, өрт сағат 13.52-де басталған.

"Медеу ауданында шыққан өртті тағы сөндіріп жатыр. Нұрмағамбетов көшесінде 1 гектарға жуық аумақ өртке оранды. Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД өкілдері мен арнайы техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментіндегілер.

Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді.