Көкпардан алғашқы әлем чемпионатын қазақтар өткізе алмайтын болды

0
1 351

Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасынан жеңіліп қалған болатын


Көкпардан алғашқы әлем чемпионатын қазақтар өткізе алмайтын болды

ERNUR.KZ. Көкпардан алғашқы әлем чемпионаты келесі жылы Өзбекстанда ұйымдастырылады. Қырғызстан мен Өзбекстанның көкпар федерациялары 8 қыркүйекте осындай шешім шығарған, деп жазады azattyq.org.

"Әзірге біріншіліктің қашан және қай қалада өтетіндігі белгісіз. бірақ шешім қабылданды. Турнир қайқазаны бар көкпар ережесімен өтеді", - деді қырғыз федерациясының президенті. Жыргалбек Саматов.

Еске салайық, Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Өзбекстан құрамасы жартылай финалда Қазақстан командасын 4:3 есебімен жеңіп, кейін финалда алаң иелерінен 32:9 есебімен ұтылған.

Көшпенділер ойыны 2 қыркүйекте Шолпан-Атада басталды. Оған әлемнің 77 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысты.