Көкпарды жаяу тартқан ауыл әйелдері жұртты күлдірді (видео)

0
605

Ғаламторда серкені тартқылап, тартысқан әйелдер көпті күлкіге қарық қылды.


Көкпарды жаяу тартқан ауыл әйелдері жұртты күлдірді (видео)

ERNUR.KZ. Бұл көкпар еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз, деп жазады Экспресс К.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Онда оншақты әйел серкені жан-жақтан тартқылап, таласып жатыр.

Ойынға беріліп кеткені сонша, әйелдердің бір-екеуі жығылып қалады. Бірақ соған қарамастан олар бар күштерін салып жүгіріп жүр. Соңында екі әйел суырылып шығып, көкпарды бөлек алып кетеді.