Көкшетау теміржол стансасында 34 жастағы азамат қаза болды

0
1 653

Шойынжол арқылы белгіленбеген орыннан өтпек болған 1984 жылғы азаматты басып кеткен. Алған дене-жарақаттардан жәбірленуші көз жұмды.


Көкшетау теміржол стансасында 34 жастағы азамат қаза болды

Ақмола облыстық ТЖД хабарламасында оқиға 3 ақпанда болған. «№6 пикет маңында №1615 жүк пойызы шойынжол арқылы белгіленбеген орыннан өтпек болған 1984 жылғы азаматты басып кеткен. Алған дене жарақаттарынан жәбірленуші көз жұмды», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға теміржолдағы қатынас кестесіне әсер етпеген.