Көкшетау тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған

0
397

Адамдардан 24 миллион теңгеден астам ақша жинаған топ әкімшісі бір сәтте байланыс аясынан тыс болып шыға келеді.


Көкшетау тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған

ERNUR.KZ. Көкшетауда ер адам WhatsApp-та қаржы пирамидасын ұйымдастырған, деп жазады zakon.kz.

Ақшасының үстінен пайда тапқысы келген Көкшетау қаласының тұрғындары алаяқтың құрбанына айналды. Whatsapp мессенджеріндегі топқа қосылуға шақырту алған адамдар аз ақша салып, қысқа уақыт ішінде одан өте жоғары пайда табу ұсынылған. Мұндай ұсынысқа қызыққан 60-тан астам адам хабарламаға жауап беріп, ақшасын салған.

Сенгіш азаматтардан 24 миллион теңгеден астам ақша жинаған топ әкімшісі бір сәтте байланыс аясынан тыс болып шыға келеді. Алданғанына көз жеткізген салымшылардың полицияға шағымдануға мәжбүр болды, - дейді Ақмола облысының прокуратурасы.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217 бабы, яғни "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаскөйдің кім екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.