Көкшетауда 5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті

0
279

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда.


Көкшетауда 5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті

Көкшетауда 5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшерінен 30 тамызда облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден 5 жасар баланың құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда.

«Айта кету керек, терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналады, әсіресе қалаларда. Балалар қызық көріп ашық терезеге шығып жатады. Баланы құлап кетуден қорғау үшін қысқыштарды қолдану керек», – деп еске салады полиция қызметкерлері.