Көкшетауда 80 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

0
685

Желтоқсанның 3-індегі жағдай бойынша облыс орталығында коронавирус инфекциясы бойынша зертханада расталған 2420 жағдай тіркелген.


Көкшетауда 80 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Соңғы үш айда Көкшетауда медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус жұқтырудың 80 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Көкшетау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, желтоқсанның 3-індегі жағдай бойынша облыс орталығында коронавирус инфекциясы бойынша зертханада расталған 2420 жағдай тіркелген.

«Тамыздың 1-інен бастап COVID-19 белгілі бойынша 162 пневмония тіркелді. Жалпы, қазан, қараша айларында Көкшетау қаласының емдеу – алдын алу ұйымдарында медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус жұқтырудың 80 жағдайы анықталды. Осы бойынша нақтылы комиссиялық тексеру жүргізілуде», - дейді Қанат Ысқақов.

Жалпы, қалада аурудың 355 ошағы тіркелген болса, оның 78 үй. 200 науқас жұқпалы аурулар стационарында ем қабылдауда. 635 адам үйінде дәрігердің бақылауына алынған. 15 адамның жағдайы ауыр, 3 адамның жағдайы өте ауыр. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясы оқушылар арасында да тіркелуде.

«Оқу жылы басталғаннан бері коронавирус инфекциясы бойынша зертханада расталған оқушылар арасында 56 жағдай және мектеп қызметкерлері арасында 22 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторингілік топтар жұмыс істеуде. Пандемия кезінде 2763 нысанға рейдтік тексеріс жүргізілді. Оның ішінде жалпы 37 миллион сомадан астам теңгеге 760 әкімшілік айыппұл салынды», - деп толықтырды Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, 2020 жылдың 7 қарашасынан бастап, Көкшетау қаласының карантиндік аймағы периметрінде 6 санитарлық пост орнатылды. Қараша айында анықталған 890 жағдайдың 24 – Көкшетау қаласына сырттан келген (Нұр-Сұлтан-8, СҚО - 7 (Айыртау ауданы - 2, Петропавл-2, Талшық-2, Кішкенекөл-1), Қостанай - 3,Алматы-1, Қарағанды-1, Қызылорда-1, Щучье-1, Атбасар ауданы-1, Біржан сал ауданы-1).