Көкшетауда 80 жастағы кейуана өрттен көз жұмды

0
417

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымның 10-да сағат 11:56 шамасында жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.


Көкшетауда 80 жастағы кейуана өрттен көз жұмды

ERNUR.KZ. Көкшетауда өрт кезінде 80 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымның 10-да сағат 11:56 шамасында жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 4 техника шақырылды. Сағат 12:33 кезінде өрт ауыздықталып, 13:18-де сөндірілді. Қызыл жалын 135 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар бала көз жұмған болатын.