Көкшетауда 9 қабатты үйдің шатырынан секірген бозбала көз жұмды

0
627

2005 жылы туған кәмелет жасқа толмаған бозбала тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен.


Көкшетауда 9 қабатты үйдің шатырынан секірген бозбала көз жұмды

ERNUR.KZ. Көкшетау полициясы кәмелетке толмаған баланың көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиға бүгін 5 сәуірде Көкшетау қаласында болды. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған кәмелет жасқа толмаған бозбала тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Ол алған жарақаттардан көз жұмды. Осы дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі «суицидке дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.