Көкшетауда бір топ жастың төбелесі видеоға түсіп қалған

0
743

Жанжалдың барлық қатысушылары ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Көкшетауда бір топ жастың төбелесі видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Көкшетауда бір топ ер адамдар арасындағы жанжалдың соңы төбелеске ұласқан, деп жазады Zakon.kz.

5 мамырда "Әскер-7" экипажы Көкшетау қаласын патрульдеу кезінде Әуелбеков-Сағдиев көшелерінің қиылысында жанжалдасқан бір топ жасты байқады.

Қоғамдық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында көкшетаулық полиция қызметкерлері шара қабылдап, нәтижесінде төрт ер адам полиция басқармасына жеткізілді.

"Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, қала тұрғындары мас күйінде болған. Сондай-ақ ұсталғандардың барлығы компьютерлік фирмалардың бірінің әріптес-қызметкерлері екені анықталды", деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Жанжалдың барлық қатысушылары ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.