Көкшетауда ер адам банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені ұрлап кеткен

0
524

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамды анықтады.


Көкшетауда ер адам банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Көкшетауда ер адам бөтен кісінің банкоматта қалған ақшасын алып, қашып кеткен, деп жазады Stan.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетау полиция басқармасына облыс орталығының 39 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол банкомат арқылы 540 мың теңге сомаға ақша қаражатын аудару операциясын жүргізгенін, бірақ ақшаны ұяшыққа салып, шатасып, операцияны аяқтамағанын хабарлады. Банктің келесі клиенті өтініш беруші қалдырған ақшалай қаражатты алып, болған жағдай туралы қауіпсіздік қызметіне хабарламай, банктен шығып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның жеке басын анықтады. Ол 45 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлады полицияда.