Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып тастады - бес бақайынан айырылды

0
709

Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды.


Көкшетауда эскалатор әйелдің аяғын қысып тастады - бес бақайынан айырылды

ERNUR.KZ. Орталық базар ғимаратындағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, деп жазады sputnik.kz.

"Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды", - деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.