Көкшетауда қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылған

0
442

Көкшетау полиция департаментінің мәліметінше, оқиға №2 мектепте болған.


Көкшетауда қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылған

Көкшетауда қала мектептерінің бірінен жарылғыш зат табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көкшетау полиция департаментінің мәліметінше, оқиға №2 мектепте болған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланған.

Оқу орнының аумағы қоршалған. Сонымен қатар, мамандар құрылғыны дәл сол жерде жою туралы шешім шығарған.

Қазір мектепте тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Полицейлер дүрбелең туғызбауды сұрайдыү