Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

0
395

Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.


Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

ERNUR.KZ. Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, өрт тамыздың 08-де сағат 02:25 «Көкшетау нан зауыты» ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Астана іргесінде құрғақ шөп пен қамыс өртенгенін жазған едік.