Көкшетауда нөсер жаңбырдан кейін бірнеше тұрғын үйді су басты

0
566

Жергілікті тұрғындар су басқан төрт тұрғын үйдің едендерін видеоға түсіріп, көрсеткен.


Көкшетауда нөсер жаңбырдан кейін бірнеше тұрғын үйді су басты

ERNUR.KZ. Кеше, 29 шілдеде Көкшетау мен Ақмола облысында қатты жаңбыр жауды. Салдарынан облыс орталығында 40-тан астам ғимарат су астында қалды, деп жазады nur.kz.

Жергілікті тұрғындар су басқан төрт тұрғын үйдің едендерін видеоға түсіріп, көрсеткен. Бейнежазбалардан ғимарат ішіне кіріп жатқан су ағындарын да байқауға болады. 109 iKomek қызметінің өкілдері нөсер жаңбырдан зардап шеккен үйлердің мекенжай тізімін жариялады.
Жалпы қазіргі уақытта 40-тан астам үйдің тұрғындары аталмыш қызметке көмек сұрап хабарласқан. Сонымен қатар жаңбыр салдарынан кейбір үйлерде электр қуаты сөніп қалған. Мамандардың айтуынша, әзірге электр қуатын қалпына келтіру мүмкін емес.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖД мен метеорологтар дауылды ескерту жариялаған.