Көкшетауда пластикалық терезелер өндіретін қойма өртенді

0
832

Өрт 19:55-те оқшауланды.


Көкшетауда пластикалық терезелер өндіретін қойма өртенді

ERNUR.KZ. Көкшетауда пластикалық терезелер дайындайтын өндіріс орнында өрт шықты, деп жазады Azattyq Ruhy.

«2 қаңтарда 18:45 шамасында пластикалық терезелер өндірісі қоймасында өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Шақырту орнына келген бойда көлемі 50*20 дайындамалар мен пластикалық материалдарды сақтауға арналған қоймада, ауданы 260 шаршы метр аумақта өрт шыққандығы анықталды», - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт 19:55 оқшауланып, сағат 20:01 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 41 адамы мен 11 бірлік техникасы шыққан болатын.