Көкшетаудағы Қопа көлінен мина табылды

0
611

Бұл туралы Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлаған.


Көкшетаудағы Қопа көлінен мина табылды

ERNUR.KZ. Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, деп жазады zakon.kz.

Ведомствоның хабарына қарағанда, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау полиция басқармасына Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлаған.

"Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды", - деп жазады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.