Көкшетаудағы мамандардырылған ХҚКО қызметкерлері екі жыл бойы автокөліктерді заңсыз тіркеп келген

0
564

​Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді.


Көкшетаудағы мамандардырылған ХҚКО қызметкерлері екі жыл бойы автокөліктерді заңсыз тіркеп келген

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырған адамдар тобы, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері әшкереленді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді», - делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.