Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

0
953

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды.


Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында жоғалып кеткен 16 жастағы студент «Нұр-Сұлтандағы» кафелерінің бірінен табылды. Қыз мас болғандықтан үйге оралудан бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Жоғалған қызды табу үшін полиция ондаған адамнан - оқушының достары мен туыстарынан жауап алды.

Көкшетау тұрғынының фотосымен бағдарлар Ақмола және көршілес облыстардың барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне, сондай-ақ Нұр-Сұлтанға түсті.

«16 жастағы Расула Жанашева 15 қараша күні кешке елордалық кафелерден табылды. Қыз мас күйінде болды және үйге оралудан бас тартты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала әкесінің бақылауында», - деді Ақмола облыстық ДП баспасөз қызметі.

Еске салайық, Көкшетау колледжінің студенті 12 қарашада жоғалып кетті. Ол анасына Зеренді ауылына әкесіне баратынын айтты, бірақ содан кейін ол байланысқа түспеді. Анасы келесі күні полицияға жүгінді.