Көкшетаулық әйел қызғаныштан сүйіктісін пышақтап тастаған

0
481

Қылмыс жасаған кезде әйел орташа дәрежеде мас күйде болған.


Көкшетаулық әйел қызғаныштан сүйіктісін пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Көкшетауда 48 жастағы әйел азаматтық некедегі ер азаматын пышақтады, деп жазады stan.kz.

Оқиға туралы құқық қорғау органдарына алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлаған.

Тергеуде 38 жастағы ер азаматқа сүйіктісі қызғаныштан пышақ жарақатын салғаны анықталды. Сондай-ақ, қылмыс жасаған кезде әйел орташа дәрежеде мас күйде болған.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта ер адам ауруханада жатыр, ал “қызғаншақ” әйел тергеу кезеңінде қамауға алынды.