Көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды

0
536

Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.


Көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

11 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11 қарашада Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ.

11 қарашада Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын

болады. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді.

11-13 қарашада Жамбыл облысында тұман түседі, көктайғақ.

Оңтүстік шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді.

11 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар жауады, тұман, көктайғақ. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

11 қарашада Қарағанды облысында жаңбыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

11 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын.

Батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20

метр болады.

11 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

11 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ.

Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метр.

11-12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.