​Көктайғаққа байланысты Атырау - Астрахан күре жолы жабылды

0
1 030

Еске сала кетейік, Қазақстан-Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жол мұз қатқан болатын.


​Көктайғаққа байланысты Атырау - Астрахан күре жолы жабылды

ERNUR.KZ. Көктайғаққа байланысты Атырау - Астрахан күре жолы жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарға қарағанда, Атырауды Ресейдің Астрахан облысымен байланыстыратын жолдың барлығы көліктің барлық түрі үшін жабылған. Себебі – көктайғақ.

Еске сала кетейік, Қазақстан-Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жол мұз қатқан болатын. Бұған дейін ауа райының қолайсыздықтарына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылғаны туралы хабарланған еді.