Қоқыс лақтырғандар әлеуметтік желілер арқылы анықталды

0
1 940

Тұрғындар Павлодар қаласында үйдің ауласында орналасқан қоқыс контейнерлерінің жанына бос қораптарды үйіп қалдырғандарды түсіріп алған.


Қоқыс лақтырғандар әлеуметтік желілер арқылы анықталды

иллюстрациялық фото

Павлодарда әлеуметтік желілерде жарық көрген бейнежазба арқылы қоқыс жәшіктерінің жанына қоқыс үйіндісін қалдырған азаматтар анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 24 қаңтарда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде тәртіп сақшыларының назарына Vse_obovsem_pvl паблигінде жарияланған бейнежазба ілінді. Онда бір қала тұрғыны екі ер адамның Павлодар қаласында Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласында орналасқан қоқыс контейнерлерінің жанына бос қораптарды үйіп қалдырғанын түсіріп алған.

"Полицейлер аталған факті бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында Павлодар қаласы тұрғынының бір мекенжайдан екінші мекенжайға көшуге шешім қабылдап, жұмысшыларды жалдағаны анықталды. Көшкеннен кейін бос қораптар қажетсіз болып қалғандықтан, қораптардың иесі оларды жай тастай салу туралы шешім қабылдаған. Қораптардан басқа, қажетсіз қоқыстарды да шығарып, барлығын қоқыс контейнерлерінің жанына үйіп тастаған. Осылайша, ол үйдің басқа тұрғындарының контейнерлерге жақындайтын жолын жапқан. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды", – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс полицейлері қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 213 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет