"Қоқыс өткіз де, көлік ұтып ал!": Нұр-Сұлтанда акция басталды

0
2 475


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы қоқысты реттейтін Taza компаниясы ерекше ойынды ұйымдастыруда, деп жазады aikyn.kz.

Олардың айтуынша, оған кез-келген адам қатыса алады. Бастысы, екі жарым тонна шикізат материалын тапсыру керек. Оның ішіне қағаз, газет, картон қораптары, пластикалық жәшіктер, полиэтилен пакеттер, пластикалық бөтелкелер, алюминий құтылар кіреді. Оған қоса, көліктен басқа да сыйлықтар ойнатылады.




– Базамызға екі жарым тонна шикізатты әкеп өткізген адамға купон беріледі. Міне, сол бойынша ойын ойнатылады. Бас жүлде – су жаңа автокөлік. Қазір ол базамызда тұр. Шикізатты мамырдың 15-іне дейін қабылдаймыз. Қажетті мөлшерді бірден әкелу міндетті емес. Белгіленген уақытқа дейін екі-үш бөліп әкеліп, өткізе алады. Бастысы – қатысушы өздері әкелуі тиіс, – дейді қойманың басшысы Петр.

Оның сөзінше, күніге қоқысты 5-10 шақты адам өткізеді екен. «Бізге қажетсіз заттарды әкелетіндер көп. Солардың істеп жатқан жұмысын ынталандыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Екіншіден, қоршаған ортамызды таза ұстауымыз керек. Қоқысты жинап, қажетіне жаратып отырсақ, өмір сүруіміз де жеңіл болады. Әйтпесе, жай парақтың өзі 2 жылдай жойылмайды. Ал пластикалық бөтелке 500 жылға дейін сақталады. Сондықтан қоқыстың өзін пайдаға жарата білейік» деді ол.