Көкжайлауда көңіл көтергендер жазаға тартылады – Ерлан Қожағапанов

0
818

Санитарлық талаптарды орындамағандардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.


Көкжайлауда көңіл көтергендер жазаға тартылады – Ерлан Қожағапанов

ERNUR.KZ. Алматыда Көкжайлау шатқалында жаппай демалысқа шыққан азаматтар жазаға тартылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруге тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір Полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз», - деді Ерлан Қожағапанов.


Еске салайық, әлеуметтік желіде Көкжайлау шатқалында сауық кешін өткізгендер туралы ақпарат тараған болатын.