Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық маңызды жолдар жабылды

0
1 322

Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника жұмылдырылды.


Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық маңызды жолдар жабылды

ERNUR.KZ. Еліміздегі төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облысында - 2 учаске

  • «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді а.-Атырау обл. шек. - 75 км.
  • «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 185-255 км, Шұбаркұдық а. - Қарауылкелді а. – 70 км.

Жамбыл облысында - 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а- Қайнар а. - 79 км.

Жетісу облысында – 1 учаске

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 6 учаске

  • «Орал-Тасқала-РФшек.» 4-104 км, Орал қ. -РФ шек. – 100 км.
  • «Атырау-Орал» 375-492 км, Чапаево а. - Орал қ. – 117км.
  • «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево а. -Казталовка а. – 213 км.
  • «Казталовка-Жәнібек-РФ шек.» 0-158 Казталовка а. -Жәнібек а. – 158км.
  • «Подстепное-Федоровка РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а. - Федоровка а. – 36 км.
  • «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек. - Орал қ. – 51 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 460 жолшы жұмылдырылды.