Көлгінов LRT құрылысындағы жұмыс барысы туралы айтты

0
380

Үкімет ғимаратында журналистер Көлгіновтен Астанадағы LRT жүйесінің тағдыры туралы сұрады.


Көлгінов LRT құрылысындағы жұмыс барысы туралы айтты

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары, Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордадағы LRT құрылысындағы жұмыс барысы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Үкімет ғимаратында журналистер Көлгіновтен Астанадағы LRT жүйесінің тағдыры туралы сұрады.

"LRT жобасы менің құзыретіме жатпайды, мен қадағаламаймын. Бұл әкімдіктің ісі. Сол жұмысты атқарғанда, мен талай рет сөз сөйлеп, хабардар етіп отырдым. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, қозғалыс басталды деп айта аламыз. Бұл жобаға 50 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қала әкімдігі қазірдің өзінде жұмысын жалғастырып жатыр: инженерлік желілерді алып тастау, арқалықтарды, құрылымдарды, құрылыс конструкцияларын дайындау", - деп жауап берді Көлгінов.

Ол қыста құрылыс қарқыны төмендейтінін атап өтті.

"Бұл жерде ең бастысы бөлінген қаржы бақылауда. Қытай консорциумына берешектері болды, кейбірі жабылды. Жылжымалы құрамға тағы да төлем жасалды, жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобаны аяқтау керек", - деп қорытындылады ол.