Көлігінен эротиканы трансляциялаған алматылық ұсталды

0
483

Видео әлеуметтік желіде тарады.


Көлігінен эротиканы трансляциялаған алматылық ұсталды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. 41 жастағы ер адам жауапқа тартылды, деп жазады zakon.kz.

Таңертең Инстаграмда жол бойымен жүріп бара жатқан A550EUP мемлекеттік нөмірдегі автокөліктің артқы терезесіндегі мониторда эротикалық сипаттағы көрініс трансляцияланғаны туралы видео тарай бастады. Алматы полиция департаменті бұл фактіні тексеруді қолға алды. Жүргізушінің жеке басын анықталып, сағат төртте ол ұсталды, - деп жазады Алматы қалалық ПД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстам Әбдірахманов Facebook -те.

Ұсталған азамат 03.04.1980 жылы туған Д.Р.Нурутдинов болып шықты. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 590-бабы, 5-бөлігі, "Техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын басқару" бойынша жауапқа тартылды.