Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады

0
376

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, тексеру барысында криптовалюталарды өндіруге арналған майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігі табылды.


Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады

ERNUR.KZ. Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол тұйығы аумағында жедел іздестіру іс-шаралары барысында майнинг операцияларына жабдықталған үй-жайды анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, тексеру барысында криптовалюталарды өндіруге арналған майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігі табылды.

Оған қоса аппаратураның қатты дискілері мен қосалқы бөлшектері тәркіленді.

Оның сөзіне қарағанда, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деді полиция генерал-майоры О.Бекеев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын көлік сақшыларының ұлттық құндылықтарды ұлықтап, дәстүрімізді дәріптегенін жазған болатынбыз.