​Көлік тасымалы бойынша Қазақстан заңын ресейліктер көбірек бұзады

0
1 331

Акция 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.


​Көлік тасымалы бойынша Қазақстан заңын ресейліктер көбірек бұзады

ERNUR.KZ. ҚР ИДМ Көлік комитеті 2018 жылдың 19 қарашасы мен 2019 жылдың 31 қаңтары аралығында «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғауда» акциясын жариялаған болатын, деп жазады Baq.kz.

2018 жылдың 19 қарашасы мен 19 желтоқсаны аралығында акция аясында көліктік бақылау органдары 7 086 шетел автокөлігін тексеріп, 363 тасымалдаушы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы мен халықаралық келісім нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Олар автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларын бұзған (150), шетелдiк тасымалдаушының автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдаланған (77), отандық рұқсат бланкісіз жүрген (7), орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған (6) сияқты заң бұзушылықтар жасаған" - дейді ИДМ баспасөз қызметі.

Заң бұзушылыққа жол берген тасымалдаушылардың негізгі бөлігі, яғни 42% (154) ресейлік, 33% (121) қырғыз, 7,4% (27)өзбек және 17,6% (61) басқа мемлекеттердің тасымалдаушылары (литвалық – 23, польшалық – 8, украиндық – 18, неміс – 2 және басқа 10).

Салынған әкімшілік айыппұл соммасы мен алым соммасы 16 млн 943 мың теңге болды.

Акция 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.