Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

0
5 341

Әлеуметтік желіде жүргізуші көліктің есігін ашып, жол бойына түкіріп жатқан видео пайда болған еді.


Көлікте отырып жолға түкіретін жүргізушілер қалай жазаланады?

ERNUR.KZ. Алматы полициясы жолдың жүріс бөлігіне түкіретін "түйе" жүргізушілердің қандай бап бойынша жазаға тартылатынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін grpat.org.road Instagram-парақшасында жүргізуші көліктің есігін ашып, жол бойына түкіріп жатқан видео пайда болған еді.

"Мені әрдайым барлық жерде өздерінің қандай патриот екенін айтып, айқайлап, бірақ өз жеріне, Отанына түкіретін адамдар таңғалдыратын. Олар қоқыс тастайды, артынан біреудің ата-анасы жинайды. Бұл істері өздерінің ата-бабалары мен айналасындағылардың бәріне түкіргенмен бірдей", - деп жазған пайдаланушылар пост астында.

Сонымен, көлігінен жолға түкіретін жүргізушілер қандай бап бойынша жазаға тартылуы керек? Бұл сұрақты тілші Алматы Полиция департаментіне жолдаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жолда жасалғандықтан, олар ҚР Әкімшілік кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзу" бойынша жазаланады деп түсіндірді. Бұл бап бір реттік ескерту немесе үш АЕК мөлшерінде 10 350 теңге айыппұл салуды көздейді. Биыл 1 АЕК 3450 теңгеге тең.

"Бұл норма ЖҚЕ желісі бойынша қолданылады (Көліктегі әкімшілік заңбұзушылықтар). Құқықбұзушы көліктен қоқыс тастаса немесе түкіргенде - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы. Егер құқықбұзушы саябақта түкіріп немесе қақыратын болса, онда 434-2 - бап қолданылады ("Жалпы пайдалану орындарының ластануы"), - деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.