Көлікті тез жөндей қоймаған ТЖО қызметкерін атып кетті

0
2 341

Көлік иесі наразы болған.


Көлікті тез жөндей қоймаған ТЖО қызметкерін атып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында жөндеуге берген көлігі ұзаққа тұрып қалғанына наразы болған көлік иесі ТЖО қызметкеріне оқ атты, деп жазады zakon.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде 51 жастағы күдіктіні ұстады. Ал жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бүгіндері оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті көлігінің ұзақ уақыт жөндеуде болуына наразы болып, сол үшін жәбірленушімен ұрсысып, көлік жөндеушіге оқ атқан. Күдіктіден заттай айғақтар алынды, - дейді Текелі қалалық ПБ бастығы Ұлан Садықов.

Күдіктіге қатысты 24-баптың 3-бөлігі, 99-бөлігі, 1-бөлігі, яғни "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.