Көліктің быт-шыты шыққан: Алматы облысында тас жолда бір адам көз жұмды – видео

0
1 027

Автобус жүргізушісі бұрылыста қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.


Көліктің быт-шыты шыққан: Алматы облысында тас жолда бір адам көз жұмды – видео

ERNUR.KZ. Алматы – Көкпек – Көктал тас жолында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды. Тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Sputnik.kz.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрдан жеңіл автокөліктің күл-талқаны шығып бөлшектеніп қалғанын көруге болады.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат 26 тамыз, бейсенбі Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 154 шақырымында болды.

Yutong маркалы автобустың жүргізушісі ұзақ бұрылыста қарсы бетке шығып кетіп, 43 жастағы ер адам басқарған жеңіл көлікпен соқтығысқан.

"Жол апатынан "Меrcedes-Benz" жүргізушісі көз жұмды, ал көлікте отырған жолаушы түрлі жарақатпен Шелек ауылының орталық ауруханасына жеткізілді", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.